14-05-21 |
2200 рет қаралған
Аймағамбет әділдік үшін қолға алған жобаларды түсіндірді.
Аймағамбет әділдік үшін қолға алған жобаларды түсіндірді

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жүйедегі жаңалықтарды әділдік пен ашықтық жолындағы жұмыс деп түсіндірді.

«Біз биыл ақпанда алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электронды форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалап, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді», – деп жазды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, биыл министрлік енгізген тәртіп бойынша докторантура мен магистратураға қабылдау форматы да өзгереді.

«Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деп жазды Аймағамбетов.

Биыл докторантураға түскісі келгендер эссе мен басқа да тапсырмаларды компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады.

«Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Енді магистратураның емтихандары да осы форматта өтеді. Осындай жаңашылдықтар арқылы әділдік пен ашықтыққа бағытталған бастамаларымызды жүзеге асырып жатырмыз», – деді Аймағамбетов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.