19-05-21 |
1300 рет қаралған
Аймағамбетов мектептегі «музей» сияқты дәретханалардан ұялды.
Аймағамбетов мектептегі «музей» сияқты дәретханалардан ұялды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов оқушыларды аулаға шығарып, мектеп ішіндегі дәретханаларды музей секілді ұстап отырған директорларға ескерту жасады.

«Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын мектептер де бар. Тексерушілер келгенде ғана ашылатындықтан, басқа кезде оқушылар ауладағы дәретханаға барып жүрген жағдайлар әшкере болды. Мұндайға жол берілмеуі керек. Ауылды елді мекендерде сырттағы дәретхана деген болмауы керек немесе оған оқушылар кіре алмайтындай етіп бекітілуі керек. Қаржы шығындап, жылы дәретхана салған екенбіз, олар үнемі жұмыс істеп тұруы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов.

Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында сөз сөйлеген министр дәретханалардың жабдықталуына баса көңіл бөлінетінін ескертті.

«Жылы дәретхананың өзі ғана болғаны жеткіліксіз. Мен комитетке тапсырма бердім, бұдан былай ол дәреханалардың сумен қаншалықты жабдықталғанын, ассенизатор машиналарының болуын, септиктердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау керек. Бұл мәселелер шешілмесе, жылы дәретхана жұмыс істейді дегеніміз өтірік болады», – деді білім және ғылым министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.