08-04-21 |
1830 рет қаралған
Аймағамбетов оқушылардың мектепке оралатын уақытын нақты айта алған жоқ.
Аймағамбетов оқушылардың мектепке оралатын уақытын нақты айта алған жоқ

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалар мектепке қашан оралатыны туралы сұраққа нақты жауап бере алған жоқ.

«Пандемияға байланысты жағдай жақсарған кезде өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа енген кезде мектепке бару мәселесі қозғалады. Әдетте, өңірлер «жасыл» аймаққа кірген кезде, балалардың барлығы мектепке барып оқуға құқылы. Әрине мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулердің орындалуына байланысты», – деді министр.

Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар санитарлық дәрігерлер айтатын талаптар мен ұсыныстарды ұстанатын болса, онда еліміз пандемияны тезірек ауыздықтай алады және балалар оқуға оралатынын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.