arasha.kz

Аймағамбетов: Қашықтан оқыту технологиясын дамыту керек

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Дәстүрлі күндізгі мектептер үшін» петициясына қатысты пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Ол қашықтан оқыту жүйесіне СOVID-19 әлемдік пандемиясына байланысты оқушылар мен жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін мәжбүрліктен бардық дегенді айтады. Министр кейбір кедергілерге қарамастан, қашықтан оқыту ұйымдасқан тұрде өтті деп есептейді.

Деседе Аймағамбетов болашақта қашықтан оқу жүйесін жетілдіру керектігін де атап өтті.

«Әрине, болашақта мұндай жағдайларға дайын болуымыз керек, сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз.
Қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру керек, мектептерді ақпараттандыру да қажет.
Мысалы ауа райының қолайсыздығына баланысты мектептерде сабақтар тоқтатылып, кейін қалып қойған бағдарламаларды қуып жетуге тура келіп жатады немесе баланың денсаулығына байланысты үйден оқуды алайық, сонымен қатар қашықтан оқыту жүйесін оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы етуі үшін және қосалқы жүйе ретінде қарастыруға болады», -дейді Білім және ғылым министрі.

 

Exit mobile version