Біз
әлеуметтік
желіде
27-04-25 |
170 рет қаралған
Алматыда Аягүл Миразова атындағы математикалық олимпиада аяқталды.
Алматыда Аягүл Миразова атындағы математикалық олимпиада аяқталды

2025 жылғы 23–27 сәуір аралығында Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен алғаш рет 8–9 сынып оқушыларына арналған Аягүл Миразова атындағы Республикалық математикалық олимпиадасы өтті.

Бұл олимпиада Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Педагогикалық ғылымдар академиясының және Ұлттық құндылықтар академиясының академигі, Семей гуманитарлық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қаласының, Жамбыл облысының және Жуалы ауданының Құрметті азаматы, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтардың авторы – Аягүл Миразованың құрметіне арналады. Оның отандық білім беру жүйесіне қосқан зор үлесі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі бұл маңызды шараның ұйымдастырылуына негіз болды.

Алматыда Аягүл Миразова атындағы математикалық олимпиада аяқталды

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау, аналитикалық қабілеттер мен есептерді стандарттан тыс тәсілдермен шешу дағдыларын дамыту.
Олимпиада 4 кезеңді қамтыды. Қазақстанның барлық өңірлерінен 207 оқушы, сондай-ақ 50-ден астам команда жетекшілері, қазылар алқасының мүшелері және қонақтар қатысты.

Олимпиада күндері қатысушылар үшін спорттық ойындар, психологиялық тренингтер, сондай-ақ Көктөбе мәдениет және демалыс саябағына, Алматы зообағына және ҚР Орталық мемлекеттік музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 2025 жылғы 27 сәуір күні сағат 11:00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласы әкімнің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлының қатысуымен өтті.

Алматыда Аягүл Миразова атындағы математикалық олимпиада аяқталды

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Алматы қаласы Білім басқармасының атынан дипломдар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, бірінші орын иелегнген 5 оқушыға Яндекс Станция макс колонкалар, медальдар және Аягүл Төреқызынің атынан 150 000 тенге ақшалай сертификаттар, екінші орын иеленген 5 оқушыға Samsung Galaxy A15 смартфондар, медальдар және Аягүл Төреқызынің атынан 100 000 тенге ақшалай сертификаттар, үшінші орын иеленген 7 оқушыға Xiaomi Redmi 14 смартфондар, медальдар және Аягүл Төреқызынің атынан 50 000 тенге ақшалай сертификаттар берілді. Ерекше жетістіктері үшін 10 оқушыға арнайы грамоталар және портативті проекторлар табысталды.

Аягүл Миразова атындағы республикалық математикалық олимпиадасының табысты өтуіне үлес қосқан ұстаздарға Алматы қаласы әкімнің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы өз атынан алғыс хаттар ұсынды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.