Алматыда «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» үш оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. 12-сынып түлектері оффлайн емтиханға қатыстан.
«Алғашқы емтихандардан кейін 12 сынып оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш оқушы анықталды. Оқушылар әртүрлі сыныпта оқиды. 4-6 мамыр аралығында НЗМ-де оффлайн емтихан тапсырған еді», – дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов
Қазір зияткерлік мектептегі үш сынып карантинге жабылды, мектепке дезинфекциялық өңдеу жүргізілді, НЗМ әкімшілігіне эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.