2025 жылғы 3 шілде күні Алматы қаласындағы «Бақшасарай» салтанат үйінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.
Бұл – болашақ инженерлер, технологтар мен бизнес басқару саласы мамандары үшін өмірлеріндегі аса маңызды кезеңдердің бірі. Шара университет қабырғасында алынған білімнің аяқталғанын білдіретін, үлкен өмірге қадам басқан жастарға арналған салтанатты жиын болды.
Салтанатты рәсімге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілігі, бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары, сондай-ақ еліміздің ғылым, білім, саясат және бизнес саласындағы танымал тұлғалармен 1000-ға жуық адам қатысты.

Жиынға қатысушылар қатарында:
• Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов — академик, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті;
• Аманкелді Құрбанұлы Саданов –академик, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты;
• Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесов — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас директоры;
• Бахытжан Әлішерұлы Дүйсембеков – «Ж.Жиембаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі;
•Григорий Александрович Мун — химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі;
• Ибрагим Эсенұлы Сүлейменов — химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
Салтанатты жиынға «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы», «Бағдарламалық инженерия», «Инженериядағы SMART технологиялар», «Биохимиялық инженерия», «Экономика және бизнес», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедраларының профессор-оқытушылары толық құраммен қатысты.

Шара аясында бірқатар кәсіпорын өкілдері университет түлектеріне жұмысқа орналасу сертификаттарын табыстады. Олардың қатарында:
• Лев Ким – «Компания Камертон» ЖШС бөлім басшысы;
• Бекжан Төлегенов – «Халық банк» бөлім басшысы;
• Сейілхан Аскаров – «ЭкоСервис» ЖШС басшысы;
• Тахир Такабаев – «Академсеть» ЖШС директоры.
Сонымен қатар, шараға жұмыс беруші ұйымдардан:
• Тимур Хасенов– «SEA STAR» ЖШС директоры;
• Рашид Надиров – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Жану проблемалары институтының» бас директоры;
• Елена Кириллова– «ХБК Аксай» ЖШС оқыту бөлімінің меңгерушісі;
• Алихан Искандер – «Baker Tilly Qazaqstan Audit» компаниясының басшысы қатысты.
Университет ректоры, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі Дархан Ақпанбетов жоғары білім мен заманауи технологияның сабақтастығын атап өтіп, кәсіби бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда университеттің маңызын ерекше көрсете отырып, түлектерге жүрекжарды құттықтауын арнап, үздік студенттерге алғыс хат табыстады.
Шара соңында түлектер атынан студенттер Университет ректоры мен профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдіріп, кешті қорытындылады.
Мерекелік шара диплом табыстау, үздік түлектерді марапаттау, концерттік бағдарлама және естелік фотосессиямен жалғасты.
Бұл — университет пен оның студенттерінің ортақ жетістігін айшықтайтын тарихи күн болды.