22-06-22 |
2100 рет қаралған
Асхат Аймағамбетов өңірдегі білім басшыларына ескерту жасады.
Асхат Аймағамбетов өңірдегі білім басшыларына ескерту жасады

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмады.

«Қайсыңызға сөз берсем де, «көптеген жұмыс істелді» дейсіздер де, сол жұмыстарды нақты тізбектеп айта алмай отырсыздар. Қандай кітап, қанша кітап сатып алдыңыздар? Кітапханаларыңыз қалай өзгеріп жатыр? Әр апта сайын осы жиналысқа қатысасыздар. Біз дайындалған сценариймен емес, осылай тосыннан сұрақ қоямыз. Күнтәртібіміз белгілі болғаннан кейін алдын ала дайындалыңыздар. Көтерілетін мәселе республика, министрлік деңгейінде қаралса, онда ол сіздер үшін істелетін жұмыс қой. Сіздердің есептеріңіз тыңдалады. Сондықтан бей-жай қарап отырмай осындай жиналыстарға дайындалыңыздар», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Сонымен қатар министр жиналыста сөз сөйлегенімен тұщымды дүние айта алмаған әріптестеріне ескерту жасады.

«Дайын емессіздер. Сіздер қонаққа келген жоқсыздар ғой. Нақты күнтәртібін білесіздер. Сол күнтәрбі бойынша ауданда, қалада, облыста не істеліп жатыр екен деп ақпарат алып, дайындалу керек. Жалпылама сөз айтып, бәрі жақсы деген есеп қабылданбайды», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.