Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова елорданың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруіне қарсылық білдірген Алматыдағы колледж студентін оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, баланы оқудан шығару жөніндегі өтінішті студенттің ата-анасы берген.
«Біз ол жайында екі күн бұрын естідік. Дамир деген жігіт. Оның мәселесін тексеруді бастадық. Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттің ата-аналасы баласын алып кету туралы өтінішті өздері берген. Дегенмен, қазір біз өзіміз тексеріп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиісті шаралар қолданылады», – дейді К.Шәмшидинова. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Алайда баланың анасы Мира Жанұзақова «Азаттық» тілшісіне берген жауабында министрдің жалған сөйлеп отырғанын жеткізген.
«Жоқ. Олар сөйтіп алдап жатыр. Мектептің өзі екі ай оқытуға зорға алды. Колледж әкімшілігі бізбен сөйлескен жоқ, бірден шығарып жіберді. Қол қойдық. «Шығыңдар» деді. Өз баламды оқудан шығарып қайтем?» – дейді анасы.
Еске салсақ, 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне тағайындала салысымен елордаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған еді. Көп ұзамай 23 наурыз күні жарлыққа қол қойылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024