20-04-21 |
1820 рет қаралған
Ауылға барған жас ұстаздардың жағдайы жақсара түседі.
Ауылға барған жас ұстаздардың жағдайы жақсара түседі

Еліміздің шалғай ауылдарында 5 мыңға жуық мектеп жаңартылады. Қалада оқып, ауылда қызмет ететін жас ұстаздарға жаңа жоба дайындалады.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіру туралы айтты.

«2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтермен 100% қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеуді жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіруді жоспарлап отырмыз. 2021 жылдан бастап 18 сағаттық жүктемеден 16 сағатқа, 2024 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуіміз қажет», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Министр қалада оқып, ауылға жұмысқа келген жас мамандарды ынталандыру үшін цифрлық репетитор жобасын енгізу туралы айтты. Білім сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5 мың ауылдық мектепке жаңғырту жүргізілетінін атап өтті

«Әр облыс пен әр мектеп бойынша нақты жоспар бекітілді. Оның ішінде биыл 1015 мектеп жаңғыртылады», – деді министр 

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 268 ауылдық мектеп жұмыс істейді. Бұл елдегі мектептердің жалпы санының 71 процентін құрайды. Ауыл мектептерінде 1,5 миллион оқушы оқиды, 182 мың мұғалім сабақ береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.