arasha.kz

Бұл 30 кітап ілім-білімді меңгерудің көкжиегі – редактор

Бүгін ә Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық»жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Жаңадан аударылған оқулықтар қатарында әдебиет теориясы, халықаралық құқық және бизнес, қазіргі заманғы педагогика, өнер тарихы, интернет психологиясы, стратегиялық менеджмент, маркетинг негіздері, ұйымдық мінез-құлық, медиа және бизнес коммуникация сынды кітаптар бар.

Ұлттық аударма бюросының жауапты шығарушы – әдеби редакторы Дәурен Дариябектің айтуынша, бұл 30 кітап ілім-білімді меңгерудің көкжиегі.

«Менің тікелей атқарғаным «Медиа және журналистика: теория мен прикатикаға жаңа көзқарас» деп аталатын  кітаптың жауапты шығарушысы болдым. Бұл кітапта дәл қазіргі әлемдік деңгейдегі журналистиканың қайда бағыт алып бара жатқаны баяндалады. Яғни, алдағы уақытта қалай болады, әлеуметтік желінің күні туа ма, телевизия тоқтап қала ма, немесе газет өлді деген де ұғымдар бар ғой. Міне, осы тұрғысынан қараған кезде медиа ұғымын жақсы ашып түсіндірген. Сондықтан бұл кітаптың бізге берері көп»,-дейді редактор.

Exit mobile version