Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі білім басқармалары мен бөлімдері басшылары халықтан келіп түскен сауалдарға, туындаған мәселелерге WhatsApp мессенджері арқылы дер кезінде жауап беруді жүктегенін жария етті.
«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс.
Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды» деп жазады министр.
Министр фейсбуктегі жазбасына бірнеше білім басқармасы басшыларының WhatsApp нөмірлерін де жария етті.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024