ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің оқу жылына дайындығы туралы айтылды.
Ғани Бейсембаевтың баяндауынша 1 қыркүйектен бастап 7,7 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алады. Олардың 364 мыңы – бірінші сынып оқушылары.
Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 460 мың бала үшін 65,3 млрд теңге қарастырылған. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 1 қыркүйектен бастап 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы (1-4) тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 65,6 мың орынға арналған 52 мектеп 1 қыркүйекке дейін, ал 66,4 мың орынға арналған тағы 102 мектеп жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл өз кезегінде 12 апаттық және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді – деді министр.
Оның сөзіне қарағанда жайлы орта қалыптастыру мақсатында аймақтардағы 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар министр білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
3 103 мектеп ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылды. Оның сыртында 2 075 мектеп лицензияланған күзет қызметіне қосылған (өсім 1,8 есе). Ал дабыл түймелерін мектептердің 89% орнатты (өсім 1,9 есе). Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр – деді министр.
Arasha.kz
ФОТО: aikyn.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024