10-09-20 |
2050 рет қаралған
Цой: Онлайн оқу жалғасады.
Цой: Онлайн оқу жалғасады

Қазақстанда онлайн оқу жалғасады. Бірінші тоқсан қашықтан оқу бойынша жүргізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның айтуынша, тымау жүретін кезеңде тымаумен бірге коронавирус инфекциясының да өршу қаупі болғандықтан оқушылардың қашықтан, онлайн оқу форматын жалғастырғаны дұрыс.

«Бірінші тоқсан онлайн оқу форматында болғаны дұрыс деп есептейміз. Одан кейін біз ұжымдардағы жағдайды бақылап, оқу мәселесін қай бағытта жалғастыруды комиссияның қарауына ұсынамыз» деді Цой.

Бұған дейін ата-аналар президенттің атына петиция жазып, дәстүрлі оқу жүйесіне қайта оралуды сұраған еді. Одан соң білім және ғылым министрлігі дәстүрлі оқу жүйесіне оралуға дайын екендіктерін айтып, бас санитар дәрігердің атына сұраныс жібергені хабарланған. Бүгін бұл мәселеге денсаулық сақтау министрі жауап беріп, онлайн оқудың жалғасатынын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.