arasha.kz

Елімізде «Кітап оқитын мектеп» жобасы іске асырылады

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Ақорда мәліметінше, Аймағамбетов президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылып жатқанын айтты. Мұғалімдердің еңбекақысы 25 процентке артқаны туралы баяндады. Сондай-ақ, биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша президент білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

Exit mobile version