10-03-21 |
1780 рет қаралған
Елімізде қазақ күресі мектеп оқушылары үшін міндетті сабаққа айналады.
Елімізде қазақ күресі мектеп оқушылары үшін міндетті сабаққа айналады

«Қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» ойындары еліміздегі мектептерде міндетті сабақ ретінде кіреді. Премьер-министр Асқар Мамин Мәжілісте ұлттық ойындарға қатысты әдістеме әзірлеп жатқанын айтты. 

«Бүгінде спорт секцияларда шамамен 1,4 млн бала немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 40 пайызы, оның ішінде 422 мыңнан бастам бала мектептен тыс ұйымдарда қамтылған. Бұқаралық спортты дамыту аясында спорт инфрақұрылымын, оның ішінде ауылды жерлерде дамытуға баса назар аударылып отыр. Мәселен, 2023 жылға дейін шамамен 159 ауыл мектебін спорт залмен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Мамин.

Қазір осы негізде мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысы жүріп жатыр. Өткен жылы 447 дене шынықтыру мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өтті. Биыл 2 мыңнан астам педагогты қайта даярлау курсына қатысады.

«Балалардың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу де оң әсерін тигізбек. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық атуды» алдағы уақытта дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасына қосу және міндетті сабақ ретінде өтізу үшін әдістеме әзірлеп жатыр», – деді премьер-министр.

Биыл қаңтардан бастап сабақтан тыс спорт үйірмелерін өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеу енгізілген еді. Үстемақы дене шынықтыру мұғалімдерін білім беру ұйымдарында секциялар ашуға ынталандыратын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.