12-02-21 |
1540 рет қаралған
Елімізде студентер жалақысы 2 есеге өседі.
Елімізде студентер жалақысы 2 есеге өседі

Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Асқар Мамин жоғарғы оқу орнының үздіктеріне берілетін стипендия қай кезде екі есеге өсетінін айтты.

«Биыл 20 мың адамға  тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Кейін жыл сайын ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға дейін жеткізіледі. 

Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі. Ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», – деді Мамин.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Премьер-министр ұстаздар жалағысы  330 мың теңгеден асатын айтқан еді. Мамин мәлімдемесіне сүйенсек, елімізде орташа жалақы жыл сайын кем дегенде 25% өседі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.