12-02-21 |
1860 рет қаралған
Елімізде сұранысқа ие мамандықты тегін оқытатын 2 жоғары оқу орны ашылады.
Елімізде сұранысқа ие мамандықты тегін оқытатын 2 жоғары оқу орны ашылады

Қазақстанның Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады. Бұл туралы Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин мәжіліс отырысында хабарлады.

«Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін және елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады. Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі.

Сонымен қатар 2022 жылы Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады. Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, одан соң жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жетеді», – деді Асқар Мамин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.