«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жамбыл оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақынның еңбектерін насихаттау және шығармаларын терең меңгеруге қызығушылығын ояту.
Қалалық Жамбыл оқуларына Нұр-Сұлтан қаласының 62 білім беру мекемесінің 120 оқушысынан сұраныс қабылданды.
Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық қызмет атқарды.
Байқауға қатысушылардың оқу мәнеріне, образға кіру ерекшелігіне және мағынасын толық жеткізе алуына айрықша мән берілді.
Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024