arasha.kz

Хиджаб киген оқушыны соңғы қоңырауға қатыстырмады

Еліміздің мектептерінің бірінде хиджап киген оқушы қызды Соңғы қоңырау мерекесіне қатыстырмай тастаған.

Видеода анық көрініп тұрғандай, мектеп бітіру салтанатына хиджап киіп келген қызды мектеп әкімшілігі Соңғы қоңырау салтанатына қатыстырмаған.

Менің кластастарым… осылай… қатысып жатыр. Ал мен… мені… сөйлей алмай жатырмын. Мені қатыстырған жоқ. Неге қатыстырған жоқ? Себебі мен хиджаптамын. «Хиджапта шықпайсың!» деп тұрып алды. Мен қатыса алмадым. Енді мен тек соңында суретке түсуге ғана шығамын. Ал былай, қастарында тұра алмаймын – дейді видеодағы оқушы қыз.

 

Әлеуметтік желіде тараған видеоға оқырмандар түрлі пікір жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мектепте бірыңғай форма кию міндеттелген. Соған қарамастан мектепте хиджап кию мәселесі көп жылдан бері шешімін таппай, жалғасып келеді. Осыған қарағанда біздің Оқу-ағарту министрлігі, тіпті Үкімет мектеп формасын тұрақтандыру мәселесін түбегейлі шеше алмай отыр деуге негіз бар.

arasha.kz

Exit mobile version