arasha.kz

Маңғыстау облысы Қазақстандағы білім сапасы ең нашар өңір деп аталды

Қазақстандағы сапалы білімнің қол жетімділігі бойынша Маңғыстау облысы көрсеткіші ең нашар аймақ деп танылды. Елімізде мектеп дәретханасын әлі күнге ішке орналастыра алмай отырған өңірлер бар. Бұл туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы мәлімдеді.

«Маңғыстау облысы сапалы орта білімге қол жетімділік индексі бойынша рейтингте соңғы орында. Атап айтқанда, білім беру кадрларының сапасын бағалау критерийі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіште тұр. Ал Павлодар облысында сапалы білімге қол жеткізу тұрғысынан ең қолайлы жағдай қалыптасты деп бағаланған», – медиа орталық таратқан хабарламада.

Сапалы орта білім беруді анықтау көрсеткіші Орталық Азия елдері үшін «PaperLab» зерттеу тобы әзірлеген. Зерттеу жұмыстары кезінде «оқыту жағдайы», «білім беру субъектілері» және «қол жетімділік» ескерілген.

«Зерттеу жұмыстары кезінде «оқу жағдайына» үш ауысымда білім беретін мектептер мен апаттық жағдайдағы мектептер ескерілген. Және дәретханасы далада орналасқан мектептердің тізімі жасалған. Бұл тізімде ең төменгі көрсеткіштердің бірі Алматы облысында қалыптасқан. Керісінше, Павлодар облысында сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған», – делінген хабарламада.

Exit mobile version