15-05-19 |
3240 рет қаралған
Мектеп формасы: джинсы киіп, шаш боятуға болмайды.
Мектеп формасы: джинсы киіп, шаш боятуға болмайды

Білім және ғылым министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу туралы бұйрықты қоғамдық талқылауға шығарды. Талқылаудың толық тақырыбы: «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Бұйрыққа енгізілген өзгерістерде «Мектеп формасының фасоны, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасы түсінің гаммаларына жайлы және бейтарап түрлер пайдаланылады» делінген. Және де мини-юбка, джинсы, декольте, табиғи емес түстерге шашты бояуға болмайтыны айтылып: «Білім алушының сыртқы бейнесі іскерлік стилінің жалпы қабылданған нормаларына сай келеді және ұсқынсыз детальдарды қоспайды (мини-юбка, джинсы, декольте, табиғи емес түстерге шашты бояу)» делінеді.

Бұйрыққа енген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, мектеп формасын енгізу, таңдау кезінде мектеп әкімшілігі, ата-аналар осы талаптарды басшылыққа алуы тиіс.

Ашық үкімет порталына жарияланған талқылау 27 мамырға дейін жалғасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.