Үкімет мектеп кітапханашыларын ұмыт қалдырған. Ендігі кезекте үкімет мектеп кітапханашыларының да жалақсыны көтеріп, олардың еңбек демалысын мұғалімдермен теңестіру керек. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысында депутат Магеррам МАГЕРРАМОВ үкіметке депутаттық сауал жолдай отырып айтты.
«Мұғалімдер мен кітапханашылардың жалақысы өсіп, педагог мәртебесі заңмен айқындалғаны мәлім. Алайда, мектеп кітапханашыларының жайын ешкім ойлмаған, ескермеген. Олар кітапханашы, еден жуушы, кітап таратушы болып бірнеше жұмысты қатар атқарып келеді» дейді депутат.