Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Катар мемлекетінің Білім, ғылым және қоғамдастықты дамыту қорының мүшесі, Дохадағы Хамад Бин Халифа университеті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында бiлiм, тәжiрибе және жетiстiктерімен алмасуға ниет білдірді.
Өзара түсіністік туралы меморандумға Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов мен Хамад Бин Халифа университетінің Мемлекеттік саясат колледжінің деканы доктор Лесли А. Пал қашықтан қол қойды.
Тараптар осы меморандум университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша ғылыми конференцияларға, ашық лекциялар, пікірталастар, семинарлар, академиялық кездесулерге қатысып, ғылыми жарияланымдарымен алмасуына жол ашып, ұзақ мерзімді екі жақты серіктестікке негіз бола алады деп сенеді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024