07-04-21 |
2020 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда білім басқармасына қатысты тергеу басталды.
Нұр-Сұлтанда білім басқармасына қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбайға қатысты тергеу басталды. Шенеунік оқу жабдықтары үшін бөлінген қаржыны ысырап етті деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім басқармасына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды.  

«Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының құрал-жабдықтарды қымбат бағамен сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растаймын. Осы мәселе бойынша тиісті сараптамалық қорытынды бар. Алайда тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Елордадағы білім басқармасына қатысты мемлекет қаржысының шығын болғаны туралы мәлімет бірінші әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, шенеунік  869 миллион теңге ысырап еткені үшін айыпталып отыр. Бұл ақша дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген делінген.  

Оған сәйкес, өткен айда қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аудиторлық тексеріс жасаған. Оның есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың бағасына қатысты заңбұзушылық, сондай-ақ, сыбайластық әрекет анықталмапты.

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.