arasha.kz

Қабатов үнсіз: Әзілкештің қызының орнына басқа адам ҰБТ тапсырған

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді анықтады.

«Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция департаментінде.

Бұған дейін белгілі КВН ойыншысының қызы үшін өзге біреу тест тапсырды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Facebook-те заңгер Абзал Құспан жазды. Ол бұл «100% сенуге болатын адамдардан алынған ақпарат» екенін жеткізді.

Заңгердің айтуынша, ҰБТ-ны Әдемі Аманғали үшін университеттің 2-курсында грантта оқитын студент тапсырған.

Құспан адамдар Тұрсынбек Қабатов қызы үшін өзге адам тест тапсыруға келгеніне куә болғанын жазды. Ал әзілкештің өзі бұл туралы әлі ешқандай пікір білдірмеді.

Exit mobile version