Қоғам белсендісі, блогер әрі журналист Дәулет Төлеутайұлы “Алтын белгінің” құнсызданып кеткенін айтты. Журналист “Алтын белгі” мемлекетке тек шығын әкеліп жатыр деген пікірін ортаға салды.
“Біз үшін құны жоқ «Алтын белгі» беруді тоқтату керек!!! Мен мектеп бітірген жылдары «Алтын белгінің» кәдімгідей дәрежесі бар еді. Кез келген оқушы ала бермейтін. ҰБТ шкаласына сай, талай оқушы осы бір белгіге 1 балл жетпей медаль ала алмай кеткен еді. Бәсеке сұмдық еді. 2018 жылдан бастап медальді тек мектепте беретін болды. Бұрын медаль алғандар грант аларда басымдыққа ие болатын. Қазір ондай емес. 2018 жылға дейін орта есеппен 2000 ғана мектеп оқушысы алатын. 2018 жылдан бері жыл өткен сайын медаль алушылар көбейіп барады. Статистиканы қараңыздар: 2019 жылы – 7349, 2020 жылы – 8615 оқушы, 2021 жылы – 9738 оқушы «Алтын белгі» алған. Яғни әр жыл сайын осы атаққа құмартушылар саны көбеюде. Ығай мен сығайлар қатары көбеюде. Медаль оңды-солды таратылуда. Сол алтын белгі алғандар арасында ҰБТ-дан шекті балл (60 балл) ала алмай жүргендерді де көріп жатырмыз. 11 жыл мектепті 5-ке оқыған бала қалайша 140 балдан 60-ын ала алмайды?! Нәтиже қайда? Бұл білімге жасалып жатқан қиянат!!!”, – деп жазды.
Блогер дәл осы “Алтын белгі” үшін мемлекеттен 100 миллионға жуық ақша жұмсалатынын айтты. Алайда оның ешкімге берер пайдасы жоқ.
“Енді мынаны қараңыздар, осы бір медаль құны бюджетке шамамен 10000 теңге. 9738 медальға бюджеттен 97.000.000 астам ақша кетті деген сөз. Бұнымен біреулер ақша жасап отыр!!! Бұндай темппен жалғаса берсе, медаль алушылар көбейе беріп, бюджет шығынға бата береді! Биылғы, алдағы жылдары медаль алушылар (ата-ана) маған қарсы шығуы мүмкін, бірақ уақыт өте сіздер түсінесіздер, бұл ештеңеге жарамайтын медаль. Тіпті ломбард алмайды. Бұл сөзімді осы кезге дейін «Алтын белгі» алғандар растайды. Бюджеттен кетіп жатқан 100 миллионға жуық ақшаны басқа нәрсеге жаратуға болады. Мектеп оқушыларына аттестаттағы «Алтын белгі» деген жазу жетеді!!!”, – деді Дәулет Мұқаев.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда енді «Алтын белгі» иегерлеріне талап күшейетінін айтты.
“Кеше ғана «Алтын белгі» мәселесін көтеріп едім. Алдағы оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап одан сайын күшейеді. Медальді оңды-солды тарату болмайды. «Біз талаптарды кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, тоқсандық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі», – деді білім және ғылым министрі.
Министрдің айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізеді. Асхат Аймағамбетов бұл реформа оң нәжесін береді деп сенеді. Өте дұрыс шешім”, – деп жазды блогер.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024