20-02-24 |
1890 рет қаралған
ҚазҰУ-да оқыған шетедік студенттер дипломдарының жарамсыз екенін мәлімдеді.
ҚазҰУ-да оқыған шетедік студенттер дипломдарының жарамсыз екенін мәлімдеді

ҚазҰУ-да медицина мамандығы бойынша білім алған шетелдік студенттер өз елдерінде жұмысқа тұру барысында қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді. Айтуларынша олардың дипломы қызметке тұруға жарамай қалған.

Аталған жайтқа қатысты ҚазҰУ түсініктеме берді, деп жазды BES.media.

«ҚазҰУ басшылығы студенттермен бірнеше рет кездесіп, олардың медицина факультетінің түлегі дипломын басқа елдерде тану мәселелерін түсіндірді», – дейді университеттің баспасөз қызметі.

Университет өкілдерінің айтуынша, студенттер «Денсаулық сақтау бакалавры» дәрежесінің атауын «Медицина бакалавры» деп өзгертуді талап етуде, бірақ бұл заңға қайшы болғандықтан, мүмкін емес.

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған шетелдік медицина студенттері халықаралық стандарттарға сай келмейтін және өз елдерінде жұмысқа тұра алмайтын дипломдар алған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.