arasha.kz

Түлектерге диплом табысталды

5 шілде күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін биыл бітіріп жатқан түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтіп, оқуын тамамдап отырған 750 студент үшін ерекше күн болды.

Аталған кешке академиктер мен қоғам қайраткерлері, еліміздің білім  мен ғылым саласына өзіндік үлесін қосқан азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметін атқарған Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінде, Қазақстанның Израильдегі, Италиядағы және Кубадағы елшісі қызметінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі болған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Әйтімова Бірғаным Сариевна, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті, академик, Алматы облысының дамуына зор үлес қосқан саяси қайраткер Баталов Амандық Ғаббасұлы, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет Байқау кеңесінің төрағасы, академик Ө. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми жетекшісі, Қазақстан республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Тулешов Амандық Қуатұлы, Университет ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы және оқытушы-профессорлар құрамы мен университет әкімшілігі қатысты.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметін атқарған Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы  өз сөзінде жас мамандарға елімізде инженерлік кадрларды даярлауда жоғары мән беріліп жатуы, елдің бәсекеге қабілеттілігінің, экономиканы дамытуды, Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуінің негізгі факторларының бірі екенін айта отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі жолында атқаратын кәсіби ізденістері мен зерделі еңбектерінің жемісті болуын тіледі.

Түлектерге диплом табыстау салтанатына сондай-ақ жұмыс беруші мекеме өкілдері де арнайы шақырылды. Олардың қатарында «IG Space» компаниясының бас директоры Андрей Журавлев, «Учет.kz» компаниясының  директоры,  «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің төрағасы, «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Максим Барышев, «Seastar tourism» ЖШС-нің жетекшісі Тимур Хасенов, АССА Қазақстандағы өкілі  Әсел Шкабарова, «Беккер иК» ЖШС өндіріс директоры Насима Калиева, «Жану проблемалары институты» бас директоры Рашид Надиров  және Академқалашықта орналасқан «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», «Зоология институты» өкілдері болды.

Салтанатты рәсімге қатысқан құрметті қонақтар түлектерге диплом табыстап, оларға сәттілік тіледі.

Жалпы салтанатты рәсімге 1000 ға жуық  адам қатысты.

 Іс-шараға университеттің  «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы», «Бағдарламалық инженерия», «Инженериядағы SMART технология», «Биохимиялық инженерия»,  «Экономика және бизнес», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедраларының профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты.

Exit mobile version