Қазақстандағы ҰБТ бойынша 224 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді, тағы 563 талапкердің нәтижелері жойылды.
«Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл – 140.
Сонымен қатар 224 түлекті тыйым салынған заттарды кіргізбек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырды. Олар тінту кезінде табылған. Тестілеу барысында ережелерді бұзғаны үшін 563 адам аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Жастарды академиялық адалдыққа шақырды. Әрбір тест тапсырушыға «бір тестіленуші – бір камера» қағидасы бойынша бақылау жүргізіледі.
Бұдан өзге, тоғыз түлектің температурасы көтерілген, сондықтан олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады.