03-07-21 |
1720 рет қаралған
ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандарға ЖОО-ға түсуге мүмкіндік бар.
ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандарға ЖОО-ға түсуге мүмкіндік бар

Білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған талапкерлер биыл жоғары оқу орнына қалай түсе алатынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев егер бала төрт мүмкіндікті пайдаланып, шекті балл жинай алмаса, ол бәрібір де шартты түрде жоғары оқу орнына өзі таңдаған мамандыққа түсе алатынын мәлімдеді.

«Алайда ол бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсырып, жоғары оқу орнында оқуға лайықты екенін дәлелдеуге тиіс. Тесті төрт рет тапсыруға болады», – деді департамент басшысы.

ҰБТ-дан сүрінген талапкерлер жоғары оқы орнына шартты түрде қабылданады. Бұл оқушыларға бір жылды текке өткізбей, қатарластарымен бірге оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Бұл практика 2020 жылдан бері бар. Бірақ олар оқу орнына қабылданғаннан кейін бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсырып, шекті балл жинағанын дәлелдейтін ҰБТ сертификатын көрсетуі қажет. Шартты түрде қабылданған түлектер бұрын ҰБТ-ны бір-ақ рет тапсырса, биылдан бастап жылына төрт рет тестілеуден өте алады», – деді ведомство.

Айта кетсек, биыл ҰБТ алғаш рет электронды форматта өтті. Мектеп оқушылары тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік алды.

2021 жылы жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл 50-ден 75 баллға дейінгі аралықта:

  • педагогика ғылымдары – 75 балл;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) – 65 балл;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринария − 60 балл.

Ұлттық университтерге түсу үшін кемінде 65 балл, ал қалған жоғары оқу орындарына 50 балл қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.