Бір балаға төленетін жәрдемақы 120 мың теңге болуы тиіс.
Бір балаға төленетін жәрдемақы 120 мың теңге болуы тиіс

“Ару ана” қоғамдық бірлестігінің директоры Әлима Әбдірова президентке, үкіметке, парламент депутаттарына

атына ашық хат жазып, оны facebook парақшасына жариялады және сол жерде хатқа қол жинау жүруде.

Ашық хатты көп балалы отбасылардың ахуалы, жетімдер үйінен тәрбиеленіп шыққан жастардың жайы және жалғыз басты аналардың халі сипатталады. Хатта “Біз, құқыққорғаушылар, Ақтөбе облысының азаматтық белсенділері мәжіліске түскен заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жеткіліксіз деп есептейміз” дей келіп, заң жобасына өздерінің бірнеше ұсыныстарының енгізілуін талап етеді. Ол ұсыныстардың ішінде 2020 жылдан бастап бір балаға төленетін жәрдемақыны 120 мың теңгеге дейін өсіру; толымсыз отбасы туралы заң қабылдау және жалғыз басты ана сөзін заң термині есепті бекіту ұсыныстары бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.