arasha.kz

Министрлік халықтан ақша сұрап, реквизит жариялады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылыққа байланысты қазақстандықтардан көмек сұрады. Министрлік реквизит нөмірін жариялап, халықтан ақша жинауды сұрады. 

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақысын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді.

Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған жерлестерді қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырды.

Төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті. Реквизиттер мына жерде көрсетілген.

Exit mobile version