arasha.kz

Сәкен Майғазиев Наурыз өткізу үшін бюджеттің 565 млн теңгесін жұмсап жіберді ме?

Қазақстанның бірнеше өңірі қауіпті аймаққа кіріп, шектеу шараларын күшейткен тұста шымкенттіктер Наурыз мерекесін дүркіретіп атап өтті. Өңірде Сәкен Майғазиев басқаратын мәдениет үйі думанды шара үшін бюджеттің 565 млн теңгесін жаратқан, деп хабардайды Arasha.kz.

Zertteu Research Institute қоғамдық ұйымының мәліметінше, Шымкентте Наурыз мерекесін атап өту үшін 565 млн теңге жаратылған.

Ол үшін барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші – «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК. Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы – Сәкен Майғазиев.

«Бұл қандай шаралар және бағасы қанша?» деген сұраққа қоғамдық ұйым мемлекеттік сатып алу сайтына шыққан, төмендегідей деректерді ұсынды.

Барлық сатып алу Тікелей бір көзден алу тәсілімен өткен.

Exit mobile version