Бишімбаевтың бостандыққа шығуына байланысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.
Бишімбаевтың бостандыққа шығуына байланысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді
  • Бүгін Шымкенттегі түрмеден босап шыққан бұрынғы  Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.

«2019 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкент қаласы Абай аудандық соты Қ. Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатты қарады және қанағаттандырды. Сот шешімі 2019 жылдың 11 қазанында күшіне енген. Бұған дейін Қ. Бишімбаев рақымшылық жасауды өтініп, мемлекет басшысына жүгінген еді. 2019 жылдың ақпанында бұл өтініш жаза мерзімін қысқарту түрінде мақұлданған», – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитет таратқан мәліметтер бойынша, Қуандық Бишімбаев өз айыбын толық мойындап, өкініш білдірген. Сот тағайындаған өтемақыны төлеген. Жазасын өтеу барысында Қ. Бишімбаев өзін байыпты ұстаған және мәдени шараларға белсене қатысқан. Жазаның қалған бөлігін экс-министр пробациялық бақылауда өтейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.