23-06-20 | 10:29
Биыл қажылық болмайды.
Биыл қажылық болмайды

фото: aa.com.tr

Сауд Арабиясы коронавирус пандемиясына байланысты  шетелдерден қажылыққа баратын азаматтар үшін қажылықты шегерді. Бұл туралы Араб әмірлігінің қажы және умра ісі жөніндегі министрлігі хабарлады.

Министрліктің хабарына қарағанда, биыл Арабияда тұратын азаматтардың азғана бөлігі ғана қажылық жасай алады.

Ақпан айында Арабия Мекке мен Мединаның уақытша жабылғанын хабарлаған еді.

Биылғы қажылық шілде айының соңында болады. Жыл сайын қажылыққа 3 миллиондай адам барады. Оның 2 миллионға жуығы шетелден баратындар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk