ӘБЛЯЗОВ МӘЛІМДЕМЕСІНЕ ПЕРУАШЕВ ЖАҚ АШПАЙ ОТЫР.
ӘБЛЯЗОВ МӘЛІМДЕМЕСІНЕ ПЕРУАШЕВ ЖАҚ АШПАЙ ОТЫР

Шетелде жүрген Мұхтар Әблязов жақтастарын жаппай «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырып жатыр. Интернет желісіндегі тараған ақпараттар Перуашевтың партиясын қолдағандар Әблязовтың жақтаушысы деген түсінікті қалыптастырып үлгерді. Журналист Қанат Әбілқайыр оппазициялық топтардың тактикасын «Құбымалы қойылым» деп атады.

«Саясат деген – ағаш ат! Кеше ғана өздерін «алашордалықтардың ізбасарымыз» деп жүрген партия өкілдерінің дауысы бәсең шыға бастағандай. Билікке жақын жүргісі келетін сарапшылардың өзі «Ақ жол» туралы жақ ашпайтын болыпты. Әблязовтің тілімен айтсақ, «оппозицияның трояндық жылқысына» айналған бұ партия қалай құрылып еді? Бұ партия 2002 жылдың 3 сәуірі күні Алтынбек Сәрсенбаев, Болат Әбілов, Ораз Жандосов секілді оппозиция өкілдерінің бастамасымен дүниеге келді. Аз жыл ішінде елдегі оппозициялық күштерді айналасына топтастыра білді. Кейіннен «Ақжолдың» сол кездегі тең төрағасы Әлихан Бәйменов «Ақ жолды» екіге бөліп тастады. 2007 жылы «Ақ жол» партиясы «Әділетпен» бірікенімен сайлаушылардың тек 3% дауысын жинап, Парламентке өте алмай қалды», – дейді журналист жазбасында.

Францияда тұратын қуғындағы оппазициялық саясаткер Мүхтар Әблязовтың сырттай сотталғаны белгілі. Ол дауыс беру парақшасын ерекше етіп бүктеу арқылы  билікті әшкерелеуге шақырып, видео жариялады. «Ақ жол» партиясын қолдауға шағырған қуғындағы саясаткер осылайша сайлауды заңсыз деп тануға болатынын айтты.

Әблязовтың «тегін жарнамасына» қатысты Азат Перуашев еш жерге жауап берген жоқ.

«2011 жылы партия басшылығына Әлихан Бәйменовтің орнына «Атамекен» Ұлттық Экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев келді. Қызығы сол, партия съезіне бірнеше күн қалғанда Азат Перуашев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының партбилетін тапсырып, Саяси бюро мүшелігінен шықты. Сөйтті де «экс Нұр-Отандық» «оппозицялық партияның» басшысы болып шыға келді. Азат Перуашев екі мыңыншы жылдары Қазақстанның Азаматтық партиясын құрғанын білеміз. Азаттың ол партиясы 2006 жылы «Отанға» (қазіргі «Нұр-Отанға») қосылып, жоқ болды. Қазіргі Парламенттен 7 мандатқа ие бұл партияның осы сайлаудан кейінгі жағдайы қандай болмақ? Әл-әзір белгісіз… Белгілісі саясат сахнасында құбылмалы қойылымдардың қойылып жатқаны ғана…»,-дейді Қанат Әбілқайыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk