17-01-20 | 10:50
Болат Бақауов қамауға алынды.
Болат Бақауов қамауға алынды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қамауға алынған. Бұл туралы ҚазТАГ жағдаймен таныс дереккөзіне сілтеме жасап, хабарлады.

“Болат Бақауов ұсталды. Оны Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамады” дейді ҚазТАГ-тың дереккөзі.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы хабар тарап, бір күннен кейін бұл ақпаратты ҰҚК растаған еді.

ҰҚК таратқан ақпаратта Бақауов лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілініп, үстінен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk