24-10-20 | 23:42
“Борат – 2” фильміне қатысты сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
“Борат – 2” фильміне қатысты сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсінікте берді.

«Борат-2 фильмі – коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы», -делінген мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk