24-11-21 |
БҚО-да жалған дипломмен он жыл ауруханада жұмыс істеген қызметкерге қатысты іс қозғалды.
БҚО-да жалған дипломмен он жыл ауруханада жұмыс  істеген қызметкерге қатысты іс қозғалды

Батыс Қазақстан тұрғыны жалған дипломен он жыл медицина қызметкері болып жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы «Мой город» жазды. 

Батыс Қазақстан облысының полициясы Жанғалы аудандық аурухана медбикесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Аудандық ауруханада жүргізілген аккредитация кезінде медбикелердің бірі жұмысқа тұрғанда жалған диплом табыстағаны анықталды. 

Аудандық аурухана директоры Сержан Есенғұбековтың айтуынша, аккредитация кезінде қызметкерлердің құжаты мұқият тексерілген.

Осылайша медициналық колледж түлектері тізімінде бір медибикенің жоқ екені белгілі болды. Ол медбике ауылдық амбулаторияда он жылдан бері жұмыс істеп келген.

«Біз қызметкер тізімде болмаған соң медициналық колледжге сұрау салдық. Алайда олар оның колледжде білім алмағанын растады. Мен бірінші басшы болғандықтан құқық қорғау органдарына жүгінуге тиіс болдым. Қызметкердің өзі декреттік демалыста болатын, содан кейін өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Оның айтуынша, ол дипломның тұпнұсқасын жоғалтып алған», – дейді ол.

Бас дәрігердің айтуынша, осы уақытқа дейін қызметкердің жұмысына қатысты бірде-бір шағым түспеген.

«Адамгершілікке салсақ, менің оған жаным ашиды. Оған тағар кінәм жоқ. Бес баласы бар. Алайда бұл фактіге де көз жұма қарауға болмайды. Өйткені ол медициналық білімсіз адамдармен жұмыс істеп, оларды емдеді», – дейді бас дәрігер.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 853 бабы «Жалған құжатты дайындау және пайдалану» бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша  5,8 миллион теңге көлеміндегі айыппұл немесе екі жыл бас бостандығанан айыру жазасы қарастырылған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.