28-10-19 | 16:22
Браконьерлер Қарағандыда 72 киік атып кеткен.
Браконьерлер Қарағандыда 72 киік атып кеткен

 

Қарағанды облысында броконьерлер 72 киікті атып кеткен. Жергілікті полиция броконьерлерді іздеп жатқанын хабарлаған.

Мүйізі кесілген жетпістен астам киіктің өлексесі Қарағанды облысы аумағынан табылған. Қарағанды облысы Нұра ауданы полиция бөлімшесі мен қорықшылардың жедел іздестіру тобы Нұра ауданы аумағындағы Қонақай көлінің маңынан жол талғамайтын көлікті байқап қалған. Қазір броконьерлерді іздеу жалғасып жатыр.

26 қазанда Нұра ауданы аумағынан 30 киіктің өлексесі табылғаны хабарланған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.