Бүгін ұлттық валюта күні.
Бүгін ұлттық валюта күні

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Ол айналымға осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы енгізілді.

Ұлттық валюта енгізу – елде қалыптасқан дағдарыстан шығудың және экономика дамуының жаңа кезеңіне өтудің бірден-бір жолы болды.

1993 жылдың үшінші қарашасында Қазақстан президенті ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оған премьер-министр Сергей Терещенко төрағалық етті. Кейін вице-премьер Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Комиссия күн сайын кешкі уақытта жиналған.

Ұлттық валютаның өз символы бар (〒). Көрсетілген теңгенің графикалық түрі – транскрипцияда «теңге» сөзі басталатын «т» дыбысын, сондай-ақ «тәңірі» дыбысын білдіретін көне түркі алфавитінің символы. Символ ақша бірлігінің тұрақтылығы идеясын, жоғары әлеуетті, даму динамикасын және Қазақстанның ұлттық экономикасының өсуін білдіреді.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.

Бұл күні айналымға «портреттер» банкнотының бірінші топтамасы шығарылды:

  • 1 теңге – Әл-Фараби портреті
  • 3 теңге – Сүйінбай портреті
  • 5 теңге – Құрманғазы портреті
  • 10 теңге – Шоқан Уәлиханов портреті
  • 20 теңге – Абай Құнанбаев портреті
  • 50 теңге – Әбілқайыр хан портреті
  • 100 теңге – Абылай хан портреті.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.