21-02-20 | 15:31
Былтыр театрға миллиондаған адам барды.
Былтыр театрға миллиондаған адам барды

2019 жылы Қазақстанда 65 театр жұмыс істеген. Олардың 52-і мемлекеттік, 13 жекеменшік театрлар екен.

Ranking статистикасының ұсынған мәліметтері бойынша, былтыр 16,6 мың спектакль өтіпті. Бұл алдыңғы жылдан 0,2%  азырақ көрсеткіш екен. Бірақ 2018 жылы театрлардың саны да көбірек болған (68 театр).

Еліміздегі театрлардың ішінде ең сұранысқа иесі драмадық (35 театр), қуыршақ театрлары (12) және жасөспірімдер (5) театрлары.

Былтыр қазақстандық театрлар көрермендерге 343 жаңа қойылым ұсынған (бір жыл бұрын — 350 қойылым).

Театр көрермендерінің саны 2,9 млн-ды құраған. Бұл алдыңғы жылғыдан 3,9% көбірек. Көрермендердің 1,3 млн-ы балалар (жалпы көрермендердің 43,4% ).

Ең көп театр сүйер қауым Алматыда (603,7 мың) тұрады екен, сосын Нұр-Сұлтан қаласы (410,6 мың) және Шымкентте (304 мың көрермен) театрға басқа өңірлерге қарағанда көбірек баратын көрінеді.театр

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.