arasha.kz

Илья Теренченко өңірдің бастауыш партия ұйымдарын алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін өңірлік сайлауалды штабының басшысы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко өңірдің бастауыш партия ұйымдарын алғыс айту күнімен құттықтады. Кездесуге партиялықтар аймақтың түкпір-түкпірінен келді.

– Партия-бұл адамдарды идеологиялық наным бойынша жинаған қоғамдық бірлестік болып табылады. Біздің ұранымыз – нар тәуекел! Жақында ребрендингтен өткен және өз қатарларын 70 пайызға жаңартқан партиямыз. Сайлауалды бағдарламамыз біздің құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен қағидаттарымызды көрсетеді, – деді Илья Теренченко.

ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Жарқынбек Амантай партиялықтарды көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өзінің сайлауалды бағдарламасы мен алдына қойған мақсаттары туралы айтып берді.

Павлодар облысында БПҰ саны – 213, жалпы саны 48 мыңға жуық партиялықтар.
Өңірдегі ең ірі БПҰ қатарына – «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Ақсу фероқорытпа зауыты» АҚ, «Богатырь» ЖШС, «ЕЭК разрез «Восточный» АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, ГРЭС-1 ЖШС, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ және «Трамвай басқармасы АҚ» кіреді.
Аққулы ауданының «AMANAT» партиясы филиалының басшысы Гүлжаһан Жумабекованың айтуынша, партияда мүшесі болғанына 17 жыл болды.

— Осы уақытта атындағы еш бір өкінбедім. Ауылда тұрғандықтан, ауылдың мәселелерін жерге қалдырмайтын AMANAT партиясына дауыс беруге шақырамын, — дейді Гүлжаһан Жұмабекова.

2022 жылы партия төрағасы Е. Ж. Қошановтың тапсырмасы бойынша партиялық жобаларды және іс-шараларды өткізуге арналған қаржы қаражатының 20% – ы қайтарылды.

«AMANAT» БПҰ-ның жұмысына ерекше көңіл бөледі. Бастауыш партия ұйымдары – кез келген партияның іргетасы болып табылады. Өткен жылдың басында партия ребрендингтен өткен соң, оның жұмысына көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі – келіп түскен партиялық жарналардың 20 пайызын бастауыш партиялық ұйымдарына қайтарылады. БПҰ-ларға қайтарылған қаражат партиялық іс-шаралар мен жобаларға бағытталатын болады.

 

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған
«AMANAT» партиясы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Exit mobile version