БАСТЫ БЕТ Әлем және заң

Әлем және заң

Былтырдан бері Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны жайлы ақпарат дүркін-дүркін жарияланып жатыр. Арғы беттегі қандастарымыз Қазақстанға келе алмай, келгендері Қытайға қайта бара алмай отыр. Себебі Қытай билігі ештеңе түсіндірместен қазақтарды түрмеге қамап, паспорттарын жинап алған. Мәселенің беті бері қарамай, керісінше ушығып бара жатқанына алаңдаған қоғам белсенділері Алматыда жиын өткізді....
Тайпалық қоғамдағы өркениет мәселесі Бүгінгі қазақ қоғамының басты мәселесі, бір жағынан «ру-тайпаны дәріптеп, сол деңгейдегі санада қаламыз ба, әлде өркениетті  ұлт, толыққанды мемлекет боламыз ба?!» деген сұраққа жауап беру болып табылады: 1. Ру-тайпа, ол тек қазақтың ерекшелігі емес. Ол, дамуы алғашқы қауымдық дәуірде қалған Африка, Океания тайпаларына да тән қоғамдық жүйе. Ол,...
2018 жылы 22 сәуірде «Тұран Әлем» банкінің бұрынғы төрағасы марқұм Ержан Тәтішев 51 жасқа толар еді. 2004 жылғы 19 желтоқсанда Жамбыл облысының Отар станциясына жақын маңда аң аулау кезінде оны басына атып өлтірді. Бұл қанды оқиғаның кісі өлтіру қылмысы екенін соттың әшкерелеуі 14 жылға созылды. 2018 жылдың 16 ақпанында...
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын...
Қытайдағы қазақтар жайлы Үкіметте арнайы отырыс өтті. Қытайдың саяси қысымына түсіп, айдың күні аманында айдау көрген, темір торға тоғытылып, кісенделген қандастарымыз туралы кейбір деректер айтылды. Депутаттардың деректі сауалдарына министрлер жауап берді. Біз Астанадағы алқа-қотан жиында айтылған әм айтылмай қалған ақпарларға аз кем шолу жасағанды жөн көрдік. Мәжілісмен Бекболат Қанайұлы Қытайдағы...
16 сәуір күні Алматы қаласында азаптаумен күрес тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Бүгін Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бас прокурорының орынбасары Е. А. Кененбаев, Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Р. Т. Жақыпов, СІМ басшысының орынбасары Р. Ю. Василенко, Жемқорлықпен күрес...
Жазықсыз түрмеге 8 ай қамаған Қытай елінен Қазақстан азаматы моральдық өтемақы талап етуден бас тартты. Себебі ол сол жақтағы туыстарын көре алмай қаламын ба деп қорқады. Жергілікті құзырлы орган өкілдері солай деп қоқан-лоқы да көрсеткен. Бұл туралы Еуразия телеарнасындағы „Кеш қалмайық„ бағдарламасында зардап шегуші Қазақстан азаматы Бегалы Өмірбек айтты. Бегалы Өмірбек Ол...
Күні кеше «Россия 1» телеарнасынан тікелей эфирде шығатын «Воскресный вечер» ток-шоуында орыс саясаткерлері мен тележүргізуші Владимир Соловьев қазақтың тілін мазақ етіп, елде майдан болуы мүмкін деп қорқытты. Соловьевтің жексенбілік кеші бұл жолы АҚШ пен жақтастарының Сирияны атқылауына арналды. Талқылау барысында тележүргізуші «Қазақстан не үшін бұл тұрғыда Ресейді жақтап, сөзін сөйлеген жоқ»...
фото - zhasalash.kz
Алматыда екі бірдей тастанды нәресте табылды.Туғанына бір ай болмаған сәби 10 сәуір күні Райымбек батыр мен Күдерін көшелерінің қиылысындағы жер асты өткелінен табылған. Ал екіншісі 7-8 айлық бала 11 сәуірде Ұлықбек пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жатқан. Бірінші табылған шақалақ қыз бала. Сасық әрі қоқысқа толы жер асты өткелінде сәбидің шырылын...
Профессор, ғалым Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын босатылып, бостандыққа шықты. «Осы жылдың 15 ақпанындағы Семей қалалық сотының шешімі бұзылып, бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляция алқасының қаулысымен Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын босатылды. Сот шешіміне шыққан күннен бастап күшіне енеді, сондықтан ағаны бүгін-ертең шығарып, Алматыға алып кетеміз», - деді Абзал Құспан. Өткен аптада...