COVID-19: Қайтыс болғандардың саны көбейді.
COVID-19: Қайтыс болғандардың саны көбейді

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны күрт өсті. Бір тәулікте коронавирустан 7 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Ал, 11 қарашада COVID-19 салдарынан тағы 6 науқас көз жұмды. Қазір елімізде осы дертті жұқтырған 7 606 пациент емделуде. Олардың қатарында 393 бала бар. Дәрігерлер 196 адамның жағдайын ауыр, ал 25-інің жағдайын мүлде ауыр деп бағалап отыр.
Жалпы Қазақстанда пандемия басталғаннан бері коронавирустан 1918, пневмониядан 412 адам қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk