23-05-22 |
Cыртқы қарыз өсіп барады: Қазақстан АҚШ, Нидерланд, Англиядан қарыз алған.
Cыртқы қарыз өсіп барады: Қазақстан АҚШ, Нидерланд, Англиядан қарыз алған

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп барады. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыз $165 млрд-қа жеткен.

Мәселен, қаржы және сақтандыру саласының сыртқы қарызы 37,5% өсіп, $11 млрд-қа жетсе, құрылыс саласының қарызы 24,6% өсіп, $4,3 млрд болған. Ал мемлекеттік басқару және қорғаныс саласының сыртқы қарызы – 14,2% өсіп, $15,8 млрд болса, сумен қамтамасыз ету саласы – 17,5%, өсіп, $184 млн-ға жеткен. Сондай-ақ, көтерме және бөлшек сауда саласының қарызы 8,2% өсіп,  $9,3 млрд-қа, өңдеу өнеркәсіп саласының қарызы 8% $12,5 млрд-қа жеткен,

Дегенмен сыртқы қарызды өтеп жатқан салаларда бар. Олар: көлік және қойма саласы, кәсіби ғылыми-техникалық сала, әкімшілік және қосалқы қызмет саласы, тау-кен саласы. Қазақстан қарыз алған елдер қатарында АҚШ, Нидерланд, Англия бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk