Дәрігер Асқар Тұңғышбаев әлі қамауда.
Дәрігер Асқар Тұңғышбаев әлі қамауда

Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алата ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң “жұмысын кәсіби тұрғыда атқармады” деген күдікпен тұтқындалған екі дәрігердің бірі –  Асқар Тұңғышбаев әлі қамауда отыр. Ал №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев іске президент Тоқаев араласқан соң барып ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны мәлім. Ал анестезиолог Асқар Тұңғышбаев әлі қамауда.

Дәрігерлер қос дәрігерге араша түсіп, үндеу жасаған еді. Онда Асқар Тұңғышбаевтың үш баласы бары, кішісінің бір жаста екені және Асқардың өз ісіне өте жауапты әрі күн сайын күрделі оталарға қатысып жүретіні айтылған.

“Хиругтар мен травматологтар қашанда Асқарға сенетін. Әріптестері оны өз ісін жақсы көретін маман деп біледі.  Мұндай мамандар әлі талай адамды құтқаратынын білеміз. Бірақ мұндай жағдайдан соң Асқар медицинаға қайтып келе ме, келмей ме белгісіз” деп жазады дәрігерлер.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов президенттің тапсырмасымен дәрігерлер ісін жеке бақылауына алғанын айтып, дәрігерлерді сабыр сақтауға шақырды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.