Данэлия Тулешова үшін The World’s Вest шоуы тартысты өтіп келеді (видео).
Данэлия Тулешова үшін The World’s Вest шоуы тартысты өтіп келеді (видео)

Қазақстандық әнші Данэлия Тулешова The World’s Вest шоуының екінші турында да жеңіске жетті.

Данэлияның қарсыласы жапондық Манами Ито есімді скрипкашы. Данэлия қарсыласын 71-60 баллмен жеңді. Алайда Данэлия үшін бұл тур оңайға соққан жоқ, кішкентай қыз көзіне жас та алды.

Қазақстандық дарынды әнші Stone Cold әнін орындады. Данэлия бұл әнді Украинада өткен “Голос. Дети” байқауында айтып, жеңіске жеткен болатын.

Қазылардың бірі Ру Пол: “Мен жұлдыз болып туған баланы көрдім” -деп пікір білдіріпті.

https://www.youtube.com/watch?v=dhKN6tOGFy8

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.