Даниал Ахметов “ADK” сауда үйінің өзінікі емес екенін айтты.
Даниал Ахметов “ADK” сауда үйінің өзінікі емес екенін айтты

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов “ADK” сауда үйіне өзінің қатысы жоқ екенін әкімнің есеп беруінде айтты.

“ADK” ойын-сауық және сауда үйлері  желісі Қазақстанның әр жерінде бар. Айта кетейік, Даниал Кенжетайұлы басқаратын Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында да “ADK-river” деп аталатын орталық бар. Осы орталық әкімдікі екен деген алып-қашпа әңгіме ел арасында тарағандықтан әкімнің есеп беру жиналысында көтерілген.

– “Бес жыл бұрын маған «ADK» деген дүкен бар екенін айтқан. Ол жерге жұбайыммен бірге барып, азық-түлік сатып алдым. Дүкеннің атауымен менің аты-жөнімнің сәйкес келіп тұрғаны қызықтырды. Ол қаланың шетінде орналасқан кезде ешкім назар аудармайтын. Енді орталықтан ашылған кезде бұл сәйкестік бәрінің есіне түсті. «ADK» – Алматинский домостроительный комбинат, яғни Алматы үй-құрылыс комбинаты деген мағына береді. Оны салған кәсіпкер менің қабылдауымда болған. Екеуіміз бұл жайтқа күлген едік. Оған табыс тілейік, – деді Даниал Ахметов жиналыста.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.